«Соттардың жер заңдарын қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 16 шілдедегі № 6 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 19 қаңтардағы № 1 Нормативтік қаулысы
1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жоғарыда аталған нормативтік қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тақырыбындағы және кіріспедегі «жер заңдарын», «Жер заңдарын» деген сөздер тиісінше «жер заңнамасын», «Жер заңнамасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) бүкіл мәтін бойынша «заңдар», «заңдарында», «заңдарымен», «заңдарда», «заңдардың» деген сөздер тиісінше «заңнама», «заңнамасында», «заңнамасымен», «заңнамада», «заңнаманың» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 2-тармақтағы «43-47-баптары» деген сөздер «43-тен бастап 47-ні қоса алғандағы баптары» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 3-тармақта:
«Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 33-бабының» деген сөздер «Азаматтық процестік кодекстің (бұдан әрі - АПК) 31-бабының» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Тараптары заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылатын жер учаскелеріне құқықтар туралы талап қоюлар жер учаскесі орналасқан жердегі мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарда қаралады.»;
5) 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Соттар істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптардың өзара қатынастарының сипатын, даулы құқықтық қатынастардың туындау себебі мен уақытын анықтаулары, тараптарға жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын беруге ұсыныс жасаулары қажет.