Жер қойнауын пайдалануға арналған үлгілік келісімшарттарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 11 маусымдағы № 233 бұйрығы
(2026.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Энергетика министрінің 2022.15.04. № 136 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексі 36-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Энергетика министрінің 2023.24.01. № 29 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің м.а. 2026.31.03. № 134-н/қ бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
3) ҚР Энергетика министрінің 2025.06.10. № 374-н/қ бұйрығымен алып тасталды (2025 ж. 9 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес күрделі жобалар бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес аз зерттелген аумақтар шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде көмірсутектерін барлауға және өндіруге арналған үлгілік келісімшарт бекітілсін.
2. «Көмір, уран және көмірсутек шикізатын барлауға, өндіруге, бірлесіп барлауға және өндіруге арналған модельдік келісімшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 260 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11527 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.