Осы редакция 2019 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016.15.04. № 122 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.23.02. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара) мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2015 жылғы 4 тамыздағы
№ 204 қаулысымен бекітілген
«Оралман мәртебесін беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2018.23.02. берілген өзгерістермен)
1. Жалпы ережелер
1. «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 44/2 үй (телефон: 8 (7112) 241834) мекенжайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 12 маусымда № 11342 тіркелді) бұйрығымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны - қағаз түрінде.
3. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалдары (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың толық топтамасын тіркеген күннен бастап - 5 (бес) жұмыс күні;