«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 29 ақпандағы № 141 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 945 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасында:
«6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер
| Р/с № | Көрсеткіш | 2021 жыл (факт) | 2022 жыл (жоспар) | 2023 жыл (жоспар) | 2024 жыл (жоспар) | 2025 жыл (жоспар) | 2026 жыл (жоспар) |
| 1 | Туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы, жыл саны | 70,23 | 73,7 | 74,2 | 74,6 | 75,0 | 75,1 |
| 2 | Саламатты өмір салтын ұстанатын Қазақстан азаматтарының үлесін арттыру, % | 23,2 | 24,0 | 30,0 | 35,0 | 45,0 | - |
| 3 | Балалар арасындағы (0-14 жас) семіздікке шалдығуды төмендету, 100 мың тұрғынға шаққанда | 44,0 | 38,3 | 42,1 | 40,0 | 38,5 | - |
| 4 | Қазақстанның 15 жастан асқан тұрғындары арасында темекі тұтынудың таралуын азайту (GATS ұлттық зерттеуі, 5 жылда 1 рет өткізіледі), % | - | - | - | - | 19,0 | - |
| 5 | Жылжымалы медициналық кешендер көрсететін қызметтермен қамтылған халық саны, млн | 1,8 | 1,2 | 1,5 | 1,7 | 2,0 | - |
| 6 | Жетекші әлемдік орталықтарда, оның ішінде қарқынды терапия бойынша оқып шыққан дәрігерлердің санын ұлғайту, адам саны | - | - | 52 | 52 | 52 | - |
| 7 | Аса тапшы мамандықтар бойынша резидентураның білім беру гранттарының санын ұлғайту, саны | 1500 | 1500 | 2600 | 3060 | 3800 | - |
| 8 | Халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі, % | 57,7 | 69,6 | 73,0 | 76,5 | 80,0 | 81,0 |
| 9 | Ендірілген жаңа технологиялардың жалпы санынан бейімделген шетелдік технологиялардың үлесі, % | 16,6 | 16,8 | 17 | 18 | 19 | 20 |