«Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 469 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 561/НҚ бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. ««Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 217 және Премьер-Министрдің орынбасары - Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 230/НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38643 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларында:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) әкімшілік-аумақтық бірлік - Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі, оның шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылады.
Әкімшілік-аумақтық бірлікке облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық округ, кент, ауыл жатады;»;
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«7) елдi мекен - халқының саны кемiнде 50 адам болатын, тұрақты тұруға арналған Қазақстан Республикасы аумағының халық ықшам қоныстанған бөлігі;