Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындау туралы
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 49/2-VI шешімі
(2023.14.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2023 жылғы 19 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 54/9-VI шешімімен (бұр.ред.қара); 2022.17.05. № 22/3-VII шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Өскемен қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері:
1) әлеуметтік көмек түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын;
2) әлеуметтік қолдау түрінде қарыз сомасынан 10%, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2020.25.06. № 58/6-VI шешімімен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022.17.05. № 22/3-VII шешімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2022.30.09. № 28/4-VII шешімімен (2022 ж. 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.21.04. № 2/6-VIII шешімімен (2023 ж. 14 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді