Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан № 1266

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының радиожиіліктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан № 1266

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік
ведомствоаралық комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан № 1266

Шектеулi табиғи ресурс - радиожиiлiк спектрiн басқару, иелiк ету және пайдалану саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ радиоэлектронды құралдардың электр магниттiк сыйымдылығын қамтамасыз ету және республикалық бюджетке қаражаттың түсуiн бақылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.20. № 237
              қаулысымен. 
 

2. Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы:

5 күн мерзiмде Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясы туралы Ереженi әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесе отырып 20 күн мерзiмде тұтынушылардың радиожиiлiктер спектрiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу тәртібі мен тарифiн әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн;

бiр ай мерзiмде Радиожиiлiк спектрiн бөлуге берiлген тапсырыстарды конкурстық қарау туралы Ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану жөніндегі бюроны қазыналық кәсiпорын ретiнде 8 адам шегiнде құру туралы ұсынысы қабылдансын. Радиожиiлiк спектрiн бөлу және пайдалану жөніндегі бюро Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомствоаралық комиссиясының жұмыс органы болып белгiленсiн.

4. Қазақстан Республикасының Радиожиiлiк спектрiн негiзгi пайдаланушылар (Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлігі, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлігі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Қазаэронавигация" мемлекеттік кәсiпорны) коммерциялық мақсаттарда пайдалана алмайды. Радиожиiлiк спектрiн конверсиялаған немесе қосалқы пайдаланған жағдайда, босаған жиiлiк ресурстары Қазақстан Республикасының радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік ведомоствоаралық комиссиясының иелiгiне азаматтық пайдалану үшiн берiледi.

5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң 2-қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын.

6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасары Г.Г.Штойкқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
     
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінiң
                                      1996 жылғы 15 қазандағы
                                        № 1266 қаулысына
                                              1-қосымша   
 
     ЕСКЕРТУ. 1-қосымшаның күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.20. № 237
              қаулысымен. 
 
 
                                      Қазақстан Республикасы
                                            Үкіметінiң
                                      1996 жылғы 15 қазандағы
                                        № 1266 қаулысына
                                              2-қосымша
 
             Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір
            шешiмдерінiң күшi жойылған деп тану туралы
 

1. "Қазақстан Республикасы Байланыс министрлігі жанынан Радиожиiлiктер жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 қазандағы № 875 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 40, 599-құжат);

2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 16 қазандағы № 875 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 қаңтардағы № 42 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 2, 22-құжат);

3. "Қазақстан Республикасының радиожиiлiк ресурсын пайдалану тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 23 маусымдағы № 870 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 22, 254-құжат);

4. Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасарының 1995 жылғы 7 маусымдағы № 3-19 өкімі.

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!