Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының меншігіне Вена қаласында (Австрия Республикасы) ғимарат сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1106

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының меншігіне Вена қаласында (Австрия Республикасы) ғимарат сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1106
Датачетверг, 29 октября 1998
Статус
Действующий
введен в действие с 29 октября 1998
Дата последнего изменениячетверг, 29 октября 1998

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының меншігіне Вена қаласында (Австрия Республикасы)
ғимарат сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 қазан № 1106

Мемлекеттік қаражатты ұтымды пайдалану және шетелдегі Қазақстан Республикасының меншік құқығына жататын жылжымайтын объектілердің тізбесін кеңейту жөніндегі белгіленген жобаларды одан әрі іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігін әкімшілік тұрғыдан жайғастыру үшін Вена қаласында: Bruckhaufer Hauptstr., 18 мекен-жайда орналасқан ғимаратты Қазақстан Республикасының меншігіне сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.

2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Қаржы министрлігі қаржыландырудың шарттары мен кестесі жөнінде шетелдік несие берушілермен келіссөздер жүргізсін, 2,5 млн. (екі миллион бес жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын сомаға несиелік келісімді әзірлесін.

     3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышының 1998 жылға арналған лимиті шеңберінде шетелдік несие берушімен несиелік келісімге қол қойсын;

     жобаны қайтарымсыз негізде қаржыландырсын;

несиеге қызмет көрсету мен оны өтеуді республикалық бюджеттің қаражатынан қарастырсын.

4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!