Введите номер документа
Прайс-лист

Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін ашу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 17 маусым 1994 ж. № 663

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Германия Федеративтік Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкілдігін ашу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 17 маусым 1994 ж. № 663

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Германия Федеративтiк Республикасында Қазақстан Республикасының
Сауда өкiлдiгiн ашу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің қаулысы 17 маусым 1994 ж. № 663

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы үкiметаралық келісімдердi жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ Германиядағы сыртқы экономикалық қызметке қазақстандық қатысушылардың жұмысын үйлестiру және олардың мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Германия Федеративтiк Республикасындағы Бонн қаласында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылсын.

2. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң штат саны 1994 жылғы 7 айға айлықақы қоры 54754 АҚШ доллары сомасында 5 адам мөлшерiнде бекітілсiн.

3. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасының Сауда өкiлiне айына 1845 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.

Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне лауазымдық жалақы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.

4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге АҚШ долларындағы айлықақы қорынан 2 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.

5. Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiнiң шығыс сметасы 346257 АҚШ доллары және 594284 теңге сомасында бекітілсiн.

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1994 жылдың бюджетiн дәлдей түсу кезiнде Германия Федеративтiк Республикасындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкiлдiгiн ұстауға қаражат бөлiнуiн ескеретiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!