Введите номер документа
Прайс-лист

Ұшулардың қауіпсіздігін арттыру туралы Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының өкімі 1994 жылғы 5 желтоқсан № 32-6-ө

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 5 декабря 1994
Статус
Действующийвведен в действие с 5 декабря 1994
Дата последнего измененияпонедельник, 5 декабря 1994

Ұшулардың қауiпсiздiгiн арттыру туралы Қазақстан Республикасының
төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының
өкімі 1994 жылғы 5 желтоқсан № 32-6-ө

1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, авиакомпаниялары iшкi және халықаралық рейстердi орындау кезiнде ұшулардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн авиациялық апаттар мен басқа да оқиғалардың алдын алу жөнiнде белгiлi бiр жұмыс жүргiзiп келедi.

Дегенмен ұшулардың қажеттi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жағдайы, әсiресе, авиакомпаниялардың халықаралық туристiк авиарейстердi /шоп-турлар/ орындауы кезiнде күрделi күйiнде қалып отыр. Жекелеген жағдайларда әуе кемелерiне шамадан тыс жүк тиелуiне жол берiледi. Жүк пен багажды орналастыру тәртібі бұзылады. Самолеттерге май толық құйылмауы себебiнен аралық қонулар жасалады. Жағдай әуе кемелерiнiң, жер бетіндегі инженерлiк құрылыстар мен жабдықтардың техникалық және моральдың тозуынан ауырлап отыр. Осылай бола тұра бұл мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Әуе көлiгi департаментi Бас инспекциясы тарапынан тиiстi талаптар қойылмай отыр.

2. Ұшулардың қауiпсiздiгiн арттыру, әуе кемелерi мен аэродромдардың техникалық жай-күйi мен пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында:

"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлік авиакомпаниясы, Қазақстан Республикасының басқа да авиакомпаниялары бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң келiсуiмен орындалатын ұшулардың тиiстi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн бекiтсiн;

Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі отын құйып алу нормативтерiнiң сақталуына, жүктердi орналастырудың дұрыстығына, оның iс жүзіндегі салмағы мен тасымалдау құжаттамасының сәйкес болуына бақылау жасау үшiн республиканың авиакомпанияларында сапарға шығушы, келген туристiк және жүк тасуға жалданған самолеттерге тұрақты түрде iшiнара тексеру жүргiзсiн. Тәртiп бұзушылықтар анықталғанда кiнәлi авиакомпанияларға белгiленген тәртiппен пайдаланушы куәліктерiнен айырғанға дейiн ең қатал ықпал ету шараларын қолдансын.

Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары халықаралық ұшуларға арналған шарттарды жасау кезiнде, тиiстi құжаттарды толтыру кезiнде жүктiң дұрыс тиелуi мен белгiленген талаптардың сақталуы үшiн мiндеттi түрде тапсырыс берушiнiң жауапкершiлiгiн белгiлейтiн болсын. Шарттарды орындамаған жағдайда шартты бұзу және айыппұл шараларын қолдануға дейiн оны қайта қарайтын болсын.

3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі:

Әуе көлiгi департаментi Бас инспекциясын нығайту және оның рөлiн көтеру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

     осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының ұшу қауiпсiздiгiнiң қажеттi шарттарын қамтамасыз етуге көңiл бөлудi күшейтсiн.

Төраға

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами