Введите номер документа
Прайс-лист

Электрондық және электр техникалық өнеркәсіптің салаларын дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан № 1327

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Электрондық және электр техникалық өнеркәсіптің салаларын дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан № 1327

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Электрондық және электр техникалық өнеркәсіптің салаларын дамыту
жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
Қаулысы 1998 жылғы 23 желтоқсан № 1327

Қазақстан Республикасында электрондық және электр техникалық саланы дамыту үшін жағдай жасау және импортты ауыстыратын тауарлар өндіруді ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі мен Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің 1-қосымшаға сәйкес ұйымдардан:

1) өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы электрондық аппаратуралар;

2) технологиялық бақылау жасау және басқару жүйелерін қоса алғанда байланыс, энергетика, өнеркәсіп салалары үшін кабель өнімдерін өндіруі жөнінде консорциум құру туралы ақпараты назарға алынсын.

2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ұйымдарға консорциум құру жөніндегі қажетті ұйымдастыру рәсімдерін жүргізуге жәрдем көрсетсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес:

1) 4 (төрт) млн. теңге мөлшерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылға арналған резервінің қаражаты есебінен, жарғылық капиталында мемлекеттің 100% үлесімен "Индустриялық парк" ашық акционерлік қоғамын (бұдан әрі - Қоғам) құру жөніндегі іс-шараны жүзеге асырсын;

2) осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген ұйымдардың жарғылық капиталындағы қатысудың мемлекеттік үлесін Қоғамға сенімді басқаруға берсін;

3) кейін оларды Қоғамға сенімді басқаруға беру үшін мемлекеттік мүліктің, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акциялары пакетінің тізбесін белгілесін.

Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1999.03.31. № 332 қаулысымен.

4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі құжаттар түскен кезде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен бір апталық мерзім ішінде Қоғамды мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі, Әділет министрлігі және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті белгіленген тәртіппен, кейін бөлінген мүлікті Қоғамның жарғылық капиталына беру мақсатымен, "Қазақ радиотехникалық зауыты" акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін әкімшілік үйі мен "Даэко" акционерлік қоғамына қатысу үлесін қамтитын оның мүліктік кешенінің бір бөлігіне айырбастаудың мүмкіндігі туралы мәселені пысықтасын.

6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп мына жобаларды:

1) 1999 жылдың 1 сәуіріне дейін өнеркәсіптің электрондық және электр техникалық салаларын дамыту бағдарламасын;

2) 1999 жылдың 1 наурызына дейін облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен "Қазақтелеком", "ҚазТрансОйл", "KEGOC", "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлік қоғамдарының қатысуымен көрсеткіштерін 2-қосымшаға сәйкес жеткізе отырып электрондық және электр техникалық өнімдерді дамыту мақсатында импортты ауыстыру жөнінде ұсыныс әзірлесін және Үкіметке енгізсін.

7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" жобасын 20 (жиырма) млн. АҚШ доллары мөлшерінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемның қаражаты есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жоба ретінде 1996-1998 жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялардың бағдарламасына кіргізсін және аталған жоба бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін беру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне қорытынды ұсынсын.

8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі қорытындысының негізінде шетелдік кредиторға Қазақстан Республикасының "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы заңымен бекітілген мемлекеттік кепілдіктер лимитінің шегінде тартылған заемның сомасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

9. Экономикалық даму және ынтымақтастық қоры (EDCF, Корея Республикасы) "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" жобасын қаржыландыруға бағытталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігімен мемлекеттік емес сыртқы заем бойынша кредитор болып белгіленсін.

10. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қажетті жеңілдіктер мен преференциялар ұсынуды көздеп, Қоғаммен "Селолық жерлерге арналған телекоммуникациялық жабдықтарды өндіру және жаңарту" инвестициялық жобасын іске асыру жөнінде келісім-шарт жасасын.

11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

12. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің 1998 жылғы
                                               23 желтоқсандағы
                                               № 1327 қаулысына
                                               1-қосымша
 
        Электрондық және электр техникалық мақсаттағы өнім өндіру
                жөніндегі консорциумға кіретін ұйымдардың
                                 Тізбесі
 
     "Даэко" акционерлік қоғамы (Алматы қаласы)
     "Интерконнект" бірлескен кәсіпорны (Курчатов қаласы)
 

Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.03.01. № 313 қаулысымен.




                                               Баспасөзде жарияланбайды
 
                                               Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің 1998 жылғы
                                               23 желтоқсандағы
                                               № 1327 қаулысына
                                               2-қосымша
 
       Электрондық және электр техникалық мақсаттағы өнімдердің
          импортын Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының
          өніміне ауыстыру жөніндегі болжамдалатын көлемдер
 
 __________________________________________________________________________
|N |Қазақстан Республикасының |1999 жылы (млн.АҚШ долл.)|2000 жылы (млн.
|  |       ұйымдары           |                         |АҚШ долл.)
|__|__________________________|_________________________|__________________
|1 |"Қазақтелеком" ашық акцио-|           15            |         25
|  |нерлік қоғамы, оның ішінде|                         |
|  |кабель өнімі              |           5             |         8
|__|__________________________|_________________________|__________________
|2 |"Қазақстан темір жолы"    |           2             |         5
|  |республикалық мемлекеттік |                         |
|  |кәсіпорны                 |                         |
|__|__________________________|_________________________|__________________
|3 |"KEGOC" ашық акционерлік  |           1             |         2
|  |қоғамы                    |                         |
|__|__________________________|_________________________|__________________
 
 
 
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!