Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін Алматы қаласы әкімінің қарызға қаражат алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 мамыр № 617

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін Алматы қаласы әкімінің қарызға қаражат алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 мамыр № 617

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық
бағдарламаны қаржыландыру үшін Алматы қаласы әкімінің қарызға
қаражат алуы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы
1999 жылғы 22 мамыр № 617

Ескерту. Атауы мен кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 14.02.00 ж. № 237 қаулысымен.

Алматы қаласындағы қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру күрделі ахуалын ескере отырып, "Бюджет жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Алматы қаласы әкімінің заңдарда белгіленген тәртіппен, "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жергілікті атқарушы органдардың жиынтық қарыз алуының шегінде Алматы қаласындағы қосымша жұмыс орындарын құру жөніндегі аймақтық инвестициялық бағдарлама үшін 700,0 (жеті жүз) миллион теңге көлемінде қарыз алу туралы ұсынысына келісім берілсін.

Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 18.08.99 ж. № 1180 қаулысымен; 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 14.02.00 ж. № 237 қаулысымен.

2.

Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 14.02.00 ж. № 237 қаулысымен.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

1) Алматы қаласының әкімі жүзеге асыратын заемдардың шарттарына қаржылық сараптама жүргізсін;

2) мемлекеттік борышты басқарудың шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың заемдарын тартудың, өтеудің және оларға қызмет көрсетудің мониторингін қамтамасыз етсін.

3-1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Алматы қаласының әкімі нақты заемдар тартқан жағдайда, заем туралы шарттың (келісімнің) құқықтық сараптамасын жүргізсін.

Ескерту. 3-тармақ өзгерді және 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 18.08.99 ж. № 1180 қаулысымен.

4. Алматы қаласының әкімі жергілікті бюджеттердің қаражатынан тартылған заемдарды өтеуді және оларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
 
 
 
 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!