Введите номер документа
Прайс-лист

«Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 5 сентября 1995
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 5 сентября 1995

Республикадағы жыртқыштардың жекелеген түрлерiнiң санын реттеу жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі № 1230 Қаулысы

 

Қасқырлар мен шиебөрiлердiң ауыл шаруашылығына тигiзген экономикалық шығын ауқымының ұлғайғанын және олармен күресу жөнiнде шаралар жүргiзудiң қажеттiгiн ескерiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi табиғат қорғау қорларының шығыстар сметасында қасқырлар мен шиебөрiлерге қарсы күрестi ұйымдастыруға қаражат көздесiн.

2. Облыстар мен аудандардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Аңшылар мен балықшылар қоғамы, «Зергер» мемлекеттік акционерлік компаниясы:

экобиологиялық тепе-теңдiктiң сақталуын ескерiп, қасқырлар мен шиебөрiлердi атуды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

аңшылар мен аңға шығушыларды материалдық ынталандыру мақсатында әрбiр олжаланған жыртқыш үшiн (терiсiнiң құнынсыз) ересек қасқырға кемiнде 2000 теңге, бөлтiрiгiне 800 теңге және шиебөрiге 600 теңге мөлшерiнде сыйақы көздесiн.

3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі қасқырлар мен шиебөрiлерге аңшылық кәсiпшiлiктiң шикiзатын, халық тұтынатын тауарларды және басқа да аңшылық өнiмдердi экспорттауға аңға шығарушыларға лицензия берiлуiн қамтамасыз етсiн.

4. Облыстардың әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Аңшылар және балықшылар қоғамы, «Зергер» мемлекеттік акционерлік компаниясы қасқырлар мен шиебөрiлерге шетелдiк аңшылықты ұйымдастыруды жандандырсын.

5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыстардың әкiмдерi мен Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлерiне жүктелсiн.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами