Жазғы маусымда балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды
және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 4 маусымдағы
№ 164
1997 жылғы жазғы маусымда балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі:
жасөспiрiмдердi, балаларды сауықтыру, демалысы мен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенiн жүзеге асырсын;
балаларды сауықтыру мен жазғы демалысын ұйымдастыруға мектептен тыс мекемелерге айрықша орын бөлсiн. Мектептен тыс мекемелердiң каникул уақытындағы қызмет аясын айтарлықтай кеңейтсiн: салалық лагерлер, осы мекемелер негiзiнде күндiзгi сауықтыру лагерлерiн ұйымдастырсын; үйiрмелiк, секциялық, студиялық сабақтар, туристiк саяхат, экскурсиялар, жарыстар өткiзсiн;
жасөспiрiмдердi еңбекке белсендi тарту, лагерлердi ұстауға жұмсалатын шығысты iшiнара өтеу мақсатында еңбек заңдарында белгiленген тәртiппен жоғары класс оқушыларының еңбегiн пайдалана отырып, еңбек және демалыс лагерлерiнiң қызметiн тәжiрибеге енгiзсiн;
жазғы сауықтыру лагерлерiне педагогтарды, жоғарғы курстардың оқушылары мен студенттердi жiберсiн, оларға емтихан сессиясын мерзiмiнен бұрын тапсыруға жағдайлар жасасын; оларды сауықтыру лагерлеріндегі жұмысқа ұйымдастырушылық және әдiстемелiк даярлау жөнiнде семинарлар мен нұсқамалық жиындар өткізудi қамтамасыз етсiн, балаларды сауықтыру мен демалысын ұйымдастырудың дәстүрлi емес нысандарын дамытсын және пайдалансын.
2. Облыстардың әкiмдерi, балансында балаларды сауықтыру лагерлерiн (базалар, кешендер) ұстайтын ұйымдардың басшылары:
мүдделi ұйымдармен бiрлесiп 1997 жылы балалар мен
жасөспiрiмдердiң демалысы мен сауықтыруды, аталған шараларды өткізуге
көзделген қаражат шегiнде ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
балаларды сауықтыру мекемелерiнде ағымдағы алдын ала санитарлық қадағалауды, сауықтыру орындарына тасымалдаудың қауiпсiздiгiн, оларды орналастыру орындарындағы қоғамдық тәртiп күзетiн жүзеге асырсын;
сауықтыру компанияларын ұйымдастырылған түрде қамтамасыз ету мақсатында облыстар мен аудандарда балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдасқан түрде өткізу жөніндегі ведомствоаралық кеңестер немесе жедел штабтар құрсын;
облыстардың әкiмдерi мен кәсiподақ кеңестерiне осы мәселе бойынша бiрлескен құжаттар қабылдауды тапсырсын;
балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастырушылардың облыстық семинарларын, кеңестерiн өткiзсiн.
Премьер-Министр