Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарындағы көлiк оқиғаларын
есеп жүргiзу мен зерттеу, жiктеу туралы ереже Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі
1995 жылғы 26 шiлдедегі № 151 бұйрығы
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2006.23.06. № 153 Бұйрығымен күші жойылды
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында болған көлiк оқиғаларында мыналарға тарайды:
Қазақстан Республикасының кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгi Бас инспекциясымен есепке алынған және олардың ведомстволық қатыстылығы мен меншiк нысанына қарамастан пайдалануға енгiзiлген кемелерге;
гидротехникалық ғимараттарға;
Қазақстан Республикасының iшкi су жолдарында болған кезеңдегi басқа мемлекеттік кемелерiне;
жоғарыда аталған кемелер және гидротехникалық ғимараттар көлiк оқиғаларына ұшыраған кезде соған қатысқан кіші көлемдi спорттық және әскери кемелерге.
1.2. Ережемен қарастырылмаған көлiк оқиғалары болған жағдайда оларды зерттеу мен жiктеу туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясы шешедi.
1.3. Кеме қатынасының қауiпсiздiгi үшiн жалпы қадағалау және Ереже талаптарының сақталуы үшiн бақылау Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң кеме қатынасы мен теңiзде жүзу қауiпсiздiгiнiң Бас инспекциясына, ал өз учаскелерiнiң шекарасында тiкелей қадағалау мен бақылау жасау кеме қатынасы қауiпсiздiгiнiң инспекторлары мен кемежай капитандарына жүктеледi.
2. Айқындамалар мен түсiнiктемелер
2.1. Ережеде қолданылатын атаулар мынаны бiлдiредi:
2.1.1. Iшкi су жолдары - Қазақстан Республикасының кемелер қозғалысы үшiн пайдаланылатын iшкi су жолдарының бөлiгi, олар кеме қатынасы үшiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігімен белгiленедi.