Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 911 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 маусым № 921

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 19 июня 2000
Статус
Действующийвведен в действие с 19 июня 2000
Дата последнего измененияпонедельник, 19 июня 2000

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 911
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 19 маусым № 921

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасы және Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 шілдедегі № 911 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 32-33, 291-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасында:

     2-тараудың 2.2-тармағының 14-абзацы алынып тасталсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында тікелей инвестицияларды тартудың 1999-2000 жылдар кезеңіне арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жоспарында:

     реттік нөмірі 12-жолда:
     "Іс-шара" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Алматы және Қарағанды қалаларында мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар құру";

"Атқарылуына жауапты министрліктер мен ведомстволар" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:

     "Әділет министрлігі, Жоғарғы Сот (келісім бойынша)";

"Орындау мерзімі" деген бағандағы "1999-2000 ж. ж." деген сөздер "2000 ж." деген сөздермен ауыстырылсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     
     
                
                    
                    
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами