«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 480 Қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 сәуірдегі № 480 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімнiң жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесiп, көрсетілген Келісімдi жасасу туралы эстон тарапымен келiссөздер жүргізсін.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмовке Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан, оған қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Эстон Республикасының Үкіметі арасында Әуе қатынасы туралы келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.