Введите номер документа
Прайс-лист

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 13 қарашадағы № 302-I Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 13 ноября 1998
Статус
Действующийвведен в действие с 13 ноября 1998
Дата последнего измененияпятница, 13 ноября 1998

"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 13 қарашадағы № 302-I Заңы

1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

6-баптың 1-тармағы "білімі және" деген сөздерден кейін "әдетте" деген сөзбен толықтырылсын;

8-баптың 3-тармағындағы "лицензиясының мерзімі шектелмейді" деген сөздер "лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

34-баптың 1-тармағында:

14) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

17) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;

36-баптың 1-тармағында:

12) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

14) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын;

13-тараудың атауындағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

85 және 86-баптардың атаулары мен мәтіндеріндегі "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды", "ақша сомалары мен бағалы қағаздардың" деген сөздер тиісінше "ақшаны", "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;

15-тараудың атауы, 93, 94-баптар "құжаттарды", "құжаттар" деген сөздерден кейін тиісінше "және бағалы қағаздарды", "және бағалы қағаздар" деген сөздермен толықтырылсын.

Қазақстан Республикасының Президенті




Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами