Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 29 декабря 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 19 июля 2008

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы N
1031 және 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулыларына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 29 желтоқсандағы № 1351 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2008 ж. 12 маусымдағы № 578 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақ импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1031 қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 263-құжат):

тақырыбындағы, мәтініндегі "арақ", "арақты", "арақтың" деген сөздер "алкогольді өнімдер (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

бірінші абзацтағы "сатудың" деген сөз "өндірудің" деген сөзбен ауыстырылсын;

екінші абзацтағы "Қаржы министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында этил спирті мен арақтың импортын лицензиялаудың тәртібі туралы ережеде:

тақырыбындағы, мәтініндегі "арақтың" деген сөз "алкогольді өнімнің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақтың екінші абзацындағы "Экономика және сауда министрлігі" деген сөздер "Мемлекеттік кіріс министрлігінің Алкогольді өнімді өндіру мен олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақтың бірінші абзацында:

в)-тармақшасының үшінші абзацындағы "(патент)" деген сөз алынып тасталсын;

д)-тармақшасындағы "өндірісіне" деген сөзден кейін "немесе этил спиртін сақтауға және сатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы ж)-тармақшасымен толықтырылсын:

"ж) алкогольді өнімнің импорты кезінде алкогольді өнімді (сырадан басқа) сақтауға және көтерме сатуға арналған лицензиясы.";

екінші абзацтағы "в", "д"-тармақшаларындағы" деген сөздерден кейін "ж" әрпімен толықтырылсын;

5-тармақтың екінші абзацындағы "кешікпей" деген сөзден кейін "ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - он күндік мерзімнен кешікпей" деген сөздермен толықтырылсын;

2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 266-құжат):

2,3,4-тармақтардағы "арақтардың" деген сөз "алкогольді өнімдердің (сырадан басқа)" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

"Этил спирті 220710000, 220720000, 220890910, 220890990" және "Арақ 220860110, 220860190, 220860910, 220860990" деген жолдар алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

"Шарап 2204, 2205, 2206

Этил спирті 2207

Толық бабына келтірілмеген, спиртінің көлемі 80 об.%-тен төмен этил спирті; спиртті тұнбалар, ликерлер және басқа да спиртті ішімдіктер 2208".

2. Осы қаулы 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді және жариялануға жатады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами