Введите номер документа
Прайс-лист

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 391-I Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 7 июня 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 7 июня 1999
Дата последнего измененияпонедельник, 7 июня 1999

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы № 391-I Заңы

 

1-бап. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 84-құжат) мынадай өзгеріc пен толықтырулар енгізілсін:

1) 2-бапта:

үшінші абзац "тұрғын үй, пәтер" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "жатақханадағы бөлме" деген сөздермен толықтырылсын;

жетінші абзац "студенттер" деген сөзден кейін "(курсанттар, аспиранттар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 13-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

"5. Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды оларда тұрақты тұратын азаматтар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жекешелендіруі мүмкін. Бұл орайда жалпы пайдаланудағы тұрғын емес үй-жайлар және үйдің бөлек (жеке) меншіктегі емес және ортақ мүлік болып табылатын өзге бөліктері барлық меншік иелерінің ортақ меншігіне өтеді.

Аталған тұрғын үй-жай берілген азамат қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы, егер қайтыс болған адамның бұған құқығы болған болса, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.

Мерзімді еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген жатын орындық үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар жекешелендіруге жатпайды.";

3) 32-баптың 3-тармағы "тұрғын үйді" деген сөздерден кейін "не мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды" деген сөздермен толықтырылсын;

4) 98-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларды жекешелендіру ерекшеліктері осы Заңның 13-бабына сәйкес белгіленеді.";

5) 112-баптың бірінші бөлігі "курсанттар" деген сөзден кейін ", аспиранттар" деген сөзбен толықтырылсын;

6) 114-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

"Осы ереже еңбек шарты (келісім-шарт) немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.".

2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами