Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 2 наурыздағы № 345 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 2 марта 2000
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2000 ж. 2 наурыздағы № 345 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қыркүйектегі № 993 қаулысымен осы қаулының күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 мамырдағы № 592 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi туралы ережеде:

1 "Жалпы ережелер" деген бөлiмнiң 9-тармағының мемлекеттік тiлдегi мәтiнi дұрыс;

2 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң негiзгi мiндеттерi, функциялары және құқықтары" деген бөлiмде:

10-тармақта:

2) тармақша "өз құзыретiнiң шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

3) тармақшада:

"сондай-ақ" деген сөз алынып тасталсын;

", сондай-ақ мемлекеттік органдар дайындаған, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынылатын талап-арыздық өтiнiштер мен қарсылықтарға пiкiрлердiң жобаларына сараптама жүргiзу" деген сөздермен толықтырылсын;

6) тармақшада:

"әзiрлеу" деген сөз "әзiрлеудi ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

"агенттiк төрағаларының" деген сөздер "агенттiктер басшыларының және" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

"7-1) Премьер-Министрде, оның орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң басшылығында кеңестер өткiзудi ұйымдастыру кеңестердiң материалдарын, хаттамаларын ресiмдеу және жөнелту";

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"8) Қаржы, Әдiлет министрлiктерiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың тиiстi қорытындыларын ескере отырып қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргізу, Қазақстан Республикасының Үкіметі енгiзетiн заңдар мен Қазақстан Республикасының Президентi актілерінiң жобалары бойынша, сондай-ақ Үкiмет, Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қабылдайтын шешiмдер бойынша қорытындылар мен анықтамалар дайындау";

9) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн ", оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;

10) тармақшадағы "қаулылар шығару" деген сөздер "Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министрдiң өкiмдерiн шығару" деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

"11-1) Үкiмет пен Премьер-Министр шешiмдерiнiң жобаларын жедел пысықтау және қол қоюға дайындау мақсатында оларға мемлекеттік органдардың вице-министрден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру арқылы Премьер-Министрдiң орынбасарларында, Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысында хаттамалық кеңестер өткiзудi ұйымдастыру";

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

"13-1) Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы Үкiметтiң Қазақстан Республикасының Президентiне тоқсан сайынғы баяндамасын дайындауға қатысу";

14) тармақшадағы "дайындау" деген сөз "дайындауды ұйымдастыру" деген сөздермен ауыстырылсын;

15) тармақшада "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының, Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

"16-1) Премьер-Министрдiң немесе оның орынбасарларының тапсырмасы бойынша Yкiметтiң Қазақстан Республикасының Парламентiнде қаралатын мәселелер бойынша ресми позициясын Парламент депутаттарының назарына жеткiзу";

18) тармақша "сондай-ақ, Премьер-Министрдiң тапсырмасы бойынша өзге де ақпараттарды" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

"19-1) халықаралық қатынастар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі мүшелерiнiң халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қатысу";

11-тармақта:

1) тармақшадағы "Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейiн "және Үкіметінiң" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

"4) Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы үшiн, олар тиiстi құжаттарға қол қою не оларды келiсу туралы шешiм қабылдауы кезiнде, ақпараттық-ұсынымдық сипаты болатын материалдарға қаржы-экономикалық және құқықтық сараптама жүргiзу";

12-тармақта:

5) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң" деген сөздерден кейiн "және оның орынбасарларының" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

"6-1) мүдделi мемлекеттік органдармен бiрге нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiсудiң бар-жоғын бақылау және ол болмаған жағдайда тиiстi жобаны келiсу үшiн қайтару";

7) тармақшадағы "қайтару" деген сөздiң алдынан "жолдау және" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

"8-1) Премьер-Министр Кеңсесiнiң нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ескертпелерiн жою мақсатында кеңестер өткiзген жағдайларда оларға мемлекеттік органдардың вице-министрлерден (агенттiктер төрағаларының орынбасарларынан) төмен емес қызмет атқаратын лауазымды тұлғаларын шақыру";

9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"9) әзiрлеушi сараптамалар жүргізу барысында айтылған ескертпелердi жоюға келiскен жағдайларда мемлекеттік органдармен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеушiлермен бiрлесiп жұмыс тәртібімен Үкiметтiң қаулылары мен Премьер-Министр өкiмдерiнiң жобаларын пысықтау";

10) тармақша мынадай жаңа редакцияда жазылсын:

"10) Президенттiң, Үкiметтiң, Премьер-Министрдiң, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының актілері мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргiзудi ұйымдастыру мен оған қатысу және олардың атқарылу мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"12) Үкiмет мүшелерiнiң атына келiп түскен депутаттық сауалдарға жауап берудiң мерзiмдерiн бақылауды жүзеге асыру";

мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

"14-1) қаралатын мәселелер бойынша түсiндiрулер үшiн мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын шақыру";

мынадай мазмұндағы 14-1-тармақпен толықтырылсын:

"14-1. Премьер-Министр Кеңсесiнiң өзiнiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмi мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың атқаруы үшiн мiндеттi";

4 "Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметiн ұйымдастыру" деген бөлiмнiң 20-тармағында:

мынадай мазмұндағы 2) тармақшамен толықтырылсын:

"2) заңдарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын адамдарды қоспағанда, Премьер-Министр Кеңсесiнiң қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады";

3) тармақшадағы "қызметкерлерiне" деген сөз "қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақша "олардың арасындағы мемлекеттік органдар енгiзетiн мәселелердi қарау жөніндегі функционалдық мiндеттердi нақты бөле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

"5-1) құрылымдық бөлiмшелердiң өзара iс-қимылын үйлестiредi";

2) ҚР Үкіметінің 2000.10.07. № 1039 қаулысымен күші жойылды

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами