Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 9 қазандағы № 459 Жарлығы (2014.29.08. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 9 октября 2000
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 января 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 ж. 9 қазандағы № 459 Жарлығы

(2014.29.08. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығымен күші жойылды

 

«Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 377 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) ҚР Президентінің 2014.29.08. № 900 Жарлығымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

2) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы № 321 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 58, 562-құжат):

Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану ережесінде:

бірінші тарауда:

екінші абзацтағы «нормаларын бұзуы,»деген сөздерден кейін «тәртіптік ретпен жазаланатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы,»деген сөздермен толықтырылсын;

мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның Тәртіптік комиссиясы (бұдан әрі - уәкілетті органның комиссиясы) - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (бұдан әрі - уәкілетті орган) тәртіптік ретпен жазаланатын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған С-1, С-2, С-3 санаттарындағы қызметшілердің тәртіптік істерін қарау үшін құрылатын тұрақты алқалы орган.»;

4-тармақтағы «бір жыл» деген сөз «алты ай» деген сөздермен ауыстырылсын;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Қызметтік тексеру мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен тағайындалады және осы мемлекеттік органның кадр қызметі (бұдан әрі - кадр қызметі) теріс қылық жасалған күннен немесе ол байқалған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізеді.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами