Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне шетелдік жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы 2001 жылғы 1 наурыздағы № 160-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 1 марта 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 1 марта 2001
Дата последнего изменениячетверг, 1 марта 2001

Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
шетелдiк жеке және заңды тұлғалардың құқықтық
мәртебесi мәселелерi бойынша толықтырулар
енгізу туралы 2001 жылғы 1 наурыздағы № 160-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы

1-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерiне мынадай толықтырулар енгiзілсiн:

1. Қазақстан Республикасы Президентінiң "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 68-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 1997 ж., № 12, 184-құжат):

1) 4-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудiң мiндетті шарты мұндай рұқсат алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңiнде өзiнің төлем қабiлетiн растауы болып табылады.";

2) 9-баптың екiншi бөлiгi "сондай-ақ" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.

2. "Халықтың көшi-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат):

24-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

"3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасында болу кезеңінде өзінің төлем қабілетін растауды табыс етпеген адамдарға;".

2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

 

 

 

 

 

 

 

Н.Ә. Назарбаев

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами