Введите номер документа
Прайс-лист

«Каспиймұнайгаз» Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 маусымдағы № 887 қаулысы (ҚР Үкіметінің 13.12.01 ж. № 1633; 28.10.04 ж. № 1105 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 28 июня 2001
Статус
Действующийвведен в действие с 28 июня 2001
Дата последнего изменениячетверг, 28 июня 2001

"Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі
ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 28 маусымдағы № 887 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 13.12.01 ж. № 1633; 28.10.04 ж. № 1105
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

(Бұр. ред. қара)

"2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы № 912 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің "Каспиймұнайгаз" Каспий мемлекеттік мұнай және газ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу және жобалау институты" мемлекеттік мекемесі жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Каспиймұнайгаз" ғылыми-зерттеу және жобалау институты" ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қоғам қызметінің негізгі мәні ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу болып белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Қоғамның жарғысын бекітсін және оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын берсін;

3)

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

ҚР Үкіметінің 2001.12.13. № 1633 қаулысымен 3)-тармақша алып тасталды

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

1) "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

"Атырау облысы" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын:

"145-1.                   "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ";

2) "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

"Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне" бөлімі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 44-жолмен толықтырылсын:

     "44.                 "Каспиймұнайгаз" ҒЗЖИ" ААҚ";

3) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами