"Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының
қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
2000 жылғы 10 шілдедегі бұйрығына толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің
2001 жылғы 20 шілдедегі № 595 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2005.10.03. № № 145 бұйрығымен күші жойылды
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жалпы білім беретін және мектепке дейінгі білім ұйымдарының қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді бекіту туралы" Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережеде:
9-тармақ "әртүрлі білім беру мектептері," деген сөздерден кейін "мектеп-лицейлер, мектеп-гимназиялар,"; деген сөздермен толықтырылсын.
21-тармақ "-30 адамнан," деген сөздерден кейін "лицейлік және гимназиялық сыныптарда (7-сыныптан бастап) 25 адамнан аспауы керек,"; деген сөздермен толықтырылсын;