Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1618 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 11 декабря 2001
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 1618 қаулысы

ҚР Үкіметінің 29.01.04 ж. № 108 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы № 305 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) кіріспеде:

"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) көрсетілген қаулыға қосымшада:

Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамына мыналар енгізілсін:

     Әбдіқалықова                  - Қазақстан Республикасының
     Гүлшара Наушақызы               Еңбек және халықты әлеуметтік
                                     қорғау министрлігі Әлеуметтік
                                     қамсыздандыру және әлеуметтік
                                     көмек департаментінің директоры
     Ермекова                      - Қазақстан Республикасының Стратегиялық
     Несіпбала Әбсағитқызы           жоспарлау жөніндегі агенттігі
                                     Стратегиялық жоспарлау және
                                     бақылау департаментінің
                                     директоры (келісім бойынша)
     Жоламан                       - Қазақстан Республикасының Премьер-
     Рүстем Қабидоллаұлы             Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени
                                     даму бөлімінің меңгерушісі
     Кесікбаев                     - Қазақстан Республикасының Қаржы
     Сұлтанғали Қабденұлы            министрлігі Мемлекеттік органдарды
                                     қаржыландыру департаментінің
                                     директоры
     Ахметов                       - Қазақстан Республикасының Денсаулық
     Қырым Қамиғалиұлы               сақтау министрлігі Медицина ғылымы,
                                     білім беру және лицензиялау
                                     департаментінің директоры
     Нұрғожаева                    - Қазақстан Республикасының
     Татьяна Александровна           Білім және ғылым министрлігі Бюджет,
                                     жоспарлау және қаржы департаментінің
                                     директоры
     Шокаманов                     - Қазақстан Республикасының Статистика
     Юрий Камирович                  жөніндегі агенттігі төрағасының
                                     бірінші орынбасары;

көрсетілген құрамнан Елена Леонидовна Бахмутова, Вячеслав Евгеньевич Евстафьев, Мият Саттарұлы Жанәбілов, Ақбар Қуанышбайұлы Тоқаев шығарылсын;

3) көрсетілген қаулымен бекітілген Кедейлікпен күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

"Жалпы ережелер" деген 1-бөлімнің бірінші абзацында:

"мониторингін" деген сөз "барысын талдауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

"дайындау" деген сөз "дайындауды үйлестіру" деген сөздермен ауыстырылсын;

"Комиссияның міндеттері мен функциялары" деген 2-бөлімде:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

"жұмыспен қамту саласындағы проблемаларды зерттеу және еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныс құрылымын ескере отырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету жөнінде ұсынымдар әзірлеу;";

соңғы абзац алынып тасталсын;

"Комиссия құқықтары" деген 3-бөлімнің 1) тармақшасы алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қ. Тоқаев










 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами