Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы № 20
өкіміне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің 2002 жылғы 16 мамырдағы № 51-ө өкімі
ҚР Премьер-Министрінің 24.09.03 ж. № 228-P өкімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі № 654 Жарлығы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы № 20 өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесінде:
3-бағанның тақырыбындағы ", БҚҰК (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 54-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)";
көрсетілген кестеге қосымшада:
3-бағанның тақырыбындағы ", Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын: "Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)".
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |