Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1040 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 20 сентября 2002
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 20 қыркүйектегі № 1040 қаулысы

ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1105 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 133 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 3, 37-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 3) тармақшасы алынып тасталсын;

3-тармақтағы "4" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:

1-тармақтағы, 10-тармақтың 1) тармақшасындағы, 11-тармақтың 1) тармақшасындағы "кен-металлургия, химия" деген сөздер алынып тасталсын;

10-тармақтың 13) тармақшасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағының," деген сөздер алынып тасталсын;

11-тармақта:

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

"11) инвестициялық бағдарламалар конкурстарын ұйымдастырады және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізуге құқықтар беру жөнінде келіссөздер жүргізеді;";

40) тармақша алынып тасталсын;

41) тармақшаның мемлекеттік тілдегі мәтініндегі "Байқоңыр" ғарыш айлағының объектілерін, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонын" деген сөздер "бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының объектілерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

"Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" бөліміндегі реттік нөмірлері 8 және 20-жолдар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И.Тасмағамбетов






































































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами