Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 150 қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 150 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 485-қосымшада:
"Бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақта:
"Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар" деген баған ", іс-шараларға қатысушыларға іссапар шығыстарын төлеуді, сондай-ақ 2003 жылғы Ресейде Қазақстан жылын өткізу жөнінде Қазақстан Республикасының ұйымдастыру комитетімен келісім бойынша өкілдік шығындарды төлеуді қоса алғанда." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.