Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 1 шілдедегі № 150в қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 1 июля 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 1 июля 2003

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 1 шілдедегі № 150в қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

1) көрсетілген қаулыға 614-қосымшада:

5-тармақтағы "міндеттері:" деген сөзден кейін "жергілікті соттардың судьялары үшін компьютерлер, принтерлер, автокөліктер, пәтерлер сатып алу;" деген сөздермен толықтырылсын;

6-тармақтың кестесіндегі "Бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру жөніндегі шаралар" деген 5-баған мынадай редакцияда жазылсын:

"Саны 215 дана компьютерлер; саны 205 дана принтерлер; саны 109 бірлік, оның ішінде қозғалтқыштар көлемі 1600-ден 2000 т.см. дейін - 72 бірлік, 2000-нан 2500 т.см. дейін - 35 бірлік, 2500 т.см. жоғары - 2 бірлік автокөліктер; жергілікті соттардың судьялары үшін 70 пәтер сатып алу. 60 ғимаратты және үй-жайларды күрделі жөндеуден өткізу.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов


 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами