Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 780 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 4 августа 2003
Статус
Утратил силу

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096
қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Yкіметінiң 2003 жылғы 4 тамыздағы № 780 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Қаулысымен күші жойылды

 

"Тұқым шаруашылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 357-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

9-тармақтың 1) тармақшасындағы "таңдаулы" деген сөз алынып тасталсын;

10-тармақ мынандай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4), 70-5), 70-6), 70-7), 70-8), 70-9), 70-10), 70-11), 70-12), 70-13), 70-14), 70-15), 70-16), 70-17), 70-18), 70-19), 70-20), 70-21), 70-22), 70-23) тармақшалармен толықтырылсын:

"70-1) селекция, сорттық сынақ және тұқым шаруашылығы жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады;

70-2) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

70-3) мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады;

70-4) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi сорттарының тұқымдарын өндiру және сату көлемiн болжайды;

70-5) бірегей және элиталық тұқым, бiрiншi, екiншi және үшiншi көбейтiлген тұқымдар өндiрушiлердi, байқаудан өткізушiлердi және тұқым сарапшыларын аттестаттау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сорттардың оригинаторларын тiркеу, зертханалық сорттық сынақтар жүргiзу ережелерiн бекiтедi;

70-6) тиiстi куәлiк беру арқылы тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргізеді;

70-7) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;

70-8) сорттық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сорттық егiстердi байқаудан өткізу, жерге егiп бағалау, зертханалық сорттық сынақтан өткізу тәртібін бекiтедi және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

70-9) тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың тиiстi бюджеттік бағдарламаларын әзiрлейдi және оған әкiмшiлiк етедi;

70-10) сортты сынақтан өткізу мен тұқым шаруашылығы мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi және тұқымға арналған құжаттаманың нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi;

70-11) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органға тұқым шаруашылығы саласында бар мемлекеттік стандарттарды, техникалық талаптар мен басқа да нормативтiк құжаттарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

70-12) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісім бойынша ерекше жағдайларда тұқым сапасының мемлекеттік стандарттарда белгiленген көрсеткiштерiн бiр жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуге рұқсат бередi;

70-13) бастапқы, элиталық және өнеркәсiптiк (жаппай) тұқым шаруашылығын жүргiзудiң схемалары мен әдiстерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

70-14) отандық және шетелдiк селекция сорттарына мемлекеттік сынақ ұйымдастырады;

70-15) сорттардың оригинаторларын тiркейдi;

70-16) аттестатталған тұқым өндiрушiлер үшiн белгiленген квоталар шегiнде субсидиялануға тиiстi тұқымдарға шектi сату бағасын белгiлейдi;

70-17) республиканың тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асырады;

70-18) өз құзыретi шегiнде селекция және тұқым шаруашылығы жөнiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

70-19) субсидиялануға тиiстi тұқымдардың әрбiр түрi бойынша тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған субъектiлер үшiн көрсетiлген мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде жыл сайынғы квоталарды белгiлейдi;

70-20) Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етiлген Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттік тiзiлiмiн және ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң перспективалы сорттарының тiзбесiн бекiтедi;

70-21) бiрегей тұқымдардың және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге арзандатылып сатылған тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылайды;

70-22) тұқым шаруашылығы саласында ғылыми кадрларды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады, байқаудан өткізушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

70-23) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сорттық және егу сапасына сараптама жүргiзу жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.".

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д.К. Ахметов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами