Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу
туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 844
қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресімдеу және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайтып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 3 қыркүйектегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 30, 263-құжат):
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 18, 19, 24-жолдар алынып тасталсын;
2) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру, оларды қайта ресімдеу және лицензияларға өзгерістер енгізу, жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларды қайтып алу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1392 қаулысына:
көрсетілген қаулыда 1-қосымшада:
реттік нөмірлері 13, 25, 29, 30, 31, 39-жолдар алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
реттік нөмірі 17-жол алынып тасталсын;
3) "Жер қойнауын пайдалану құқығына лицензиялар беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі № 1021 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
реттік нөмірі 6-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |