Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 2 декабря 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 декабря 2005

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 1225 қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 2 қарашадағы № 1092 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 25 ақпандағы № 200 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 9, 100-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы төлеудiң ережесінде:

кiрiспедегi "2003 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"3. Жәрдемақыларды төлеу ата-анасының бiреуiне (тiрi бала туған анасына не осы баланың әкесiне), ата-анасының екеуi де болмаған жағдайда - қамқоршыларына не баланың өзге заңды өкiлдерiне табысына қарамастан жүргiзiледi";

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"6. Туған әрбiр балаға жәрдемақы төлеу тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жүзеге асырылады";

8-тармақтағы "6" деген сан "12" деген сандармен ауыстырылсын;

9-тармақта:

2) тармақша "не емдеу мекемесiнiң бала туылғаны туралы анықтамасының көшiрмесi" деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақша алынып тасталсын;

17-тармақтағы "2003 жылға арналған" деген сөздер "тиiстi жылға арналған" деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 1-тармақтың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы және он бірінші абзацтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

А. Павлов

















































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами