Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 25 желтоқсандағы № 150ао қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 25 декабря 2003
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениячетверг, 25 декабря 2003

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429
қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2003 ж. 25 желтоқсандағы № 150ао қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "2003 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1429 қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулыға 544-қосымшада:

"Бюджет бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ 5-бағанының 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1.6, 1.7, 1.8, 1.9, 1.10, 1.11, 1.12, 1.13, 1.14, 1.15, 1.16, 1.17, 1.18, 1.19, 1.20-тармақшалармен толықтырылсын:

"1.6. шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңiрлiк бағдарламаларын жасау және бiрдейлендiру әдiстемелерiн әзiрлеу. Өңiрлерде шағын бизнестi қолдау жөніндегі iс-шараларды iске асыруға қажеттi ресурстарды негiздеу және есептеу;

1.7. қаржы ресурстарына қол жеткiзудi кеңейту мақсатында микрокредиттiк ұйымдардың қызметiне талдау жасау және мкирокредиттік ұйымдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу;

1.8. кәсiпкерлiк саласына халықтың белсендi бөлiгiн тарту мақсатында кәсіпкердің оң беделiн қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны әзiрлеу;

1.9. шағын кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы мемлекеттік емес бiрлестiктер мен мемлекеттік органдардың өзара iс-қимыл тетiктерiн әзiрлеу;

1.10. рынокқа талдау жасау және бәсекелес артықшылықтар мен шығарылатын өнiм сапасын арттыруға қол жеткiзуге арналған құрал ретіндегі шағын бизнес субъектілерi үшiн автоматтандырылған ақпараттық жүйелердi енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;

1.11. шетелдiк кәсiпкерлiктi қолдау миссиялары қызметiн зерделеу әрi талдау және олармен сындарлы өзара қатынастарды ұйымдастыру жөнінде ұстанымдар беру;

1.12. шағын және орта бизнес саласындағы франчайзинг жүйесiн дамытуды ынталандыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

1.13. шағын және орта бизнес субъектiлерiн тексерудi жүзеге асыратын бақылау-қадағалау органдарының нормативтiк құжаттарына талдау жасау. Тексерулер жүргізу бөлiгінде олардың қызметін ретке келтiру және регламенттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

1.14. кредиттік бюро құру және оның жұмыс iстеу тетіктерiн әзiрлеу. Қазақстан Республикасында микрокредит берудiң мониторингi индикаторына талдау жасау және оны әзiрлеу;

1.15. шағын бизнестi қолдаудың қазiргі институттары: Республикалық ақпараттық-көрме орталығы мен Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры базасында инновациялық инфрақұрылым құру шеңберiнде ақпараттық-технологиялық орталық қызметінің тұжырымдамасын әзiрлеу;

1.16 ұлттық компаниялар төңiрегінде кәсіпкерлiктің шағын нысандарын құру қағидаттары мен тәртібі жөніндегi тұжырымдаманы әзiрлеу мақсатында жүйе құраушы кәсiпорындар жанындағы шағын бизнестi қолдаудың қазіргі бағдарламаларына талдау жасау және оны қорыту;

1.17. кәсiпкерлiктi қолдаудың өңiрлiк институттарының қызметі практикасының оң тәжiрибесiн зерделеу. Осы тәжiрибенi ретке келтiру, бiрдейлендiру және көбейту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу;

1.18. шағын және iрi бизнестiң өзара iс-қимылы қағидаттарын әзiрлеу. Қатысудың мемлекеттік үлесi жоқ iрi компаниялар үшiн аутсерсинг тетiгi жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу;

1.19. шағын және орта бизнес кәсiпорындары таяу және алыс шет елдер рыноктарына шығаратын экспортқа бағдарланған тауарларды жылжытудың құралы ретiнде көрме-жәрмеңке қызметiн ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу;

1.20. шағын бизнестi қолдау саласындағы қолданыстағы заңнамаға талдау жасау, орын алып отырған қарама-қайшылықтарды айқындау және нормативтiк базаны жетілдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу".

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами