Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығы туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 ж. 29 желтоқсандағы № 435 өкімі
(2005.08.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Президентінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 588 Жарлығымен күші жойылды
ҚР Президентінің 2005.08.04. № 544 Өкімімен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметімен, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлігімен, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігімен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетімен бірлесе отырып:
1) мүдделі мемлекеттік органдардың террористік және экстремистік көріністерді анықтау, алдын алу және жолын кесу саласындағы қызметін үйлестіруге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы орталығын (бұдан әрі - Орталық) құратын болсын;
2) бір ай мерзімде Терроризмге қарсы орталықтың құрылымын және ережесін бекітсін;
3) Орталықтың штабында тұрақты негіздеме жұмыс істеу үшін өз қызметкерлерін жіберуді қамтамасыз етсін.
ҚР Президентінің 2005.08.04. № 544 Өкімімен 1-1-тармақпен толықтырылды