Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1765 тіркелген
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан
Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001
жылғы 28 қазандағы № 421 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды
реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 19
қаңтардағы № 7 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.25.02. № 40 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктерді еріксіз таратуды жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 28 қазандағы № 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1765 тіркелген, 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында банктерді еріксіз тарату ережесінде:
кіріспесіндегі "арнайы басқарушының өкілеттіктері мен міндеттерін, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)" деген сөздер "қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: