Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1745 тіркелген,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі
банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша
ақпарат беру нысанын бекіту туралы» 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 543
қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын
және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі
басқармасы Төрағасының 2004 ж. 16 ақпандағы № 37 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006.17.06. № 134 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен мәмілелері бойынша ақпарат беру нысанын бекіту туралы" 2001 жылғы 20 желтоқсандағы № 543 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1745 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2002 жылғы 28 қаңтарда және 2002 жылғы 10 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауында және 1-тармақта "мәмілелері бойынша" деген сөздер "мәмілелері жөнінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Банктер қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға осы қаулының қосымшасына сай нысан бойынша олармен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалармен өзінің мәмілелері жөніндегі ақпаратты ай сайын, есеп берілетін айдан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынады деп белгіленсін.";
қаулының қосымшасы мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының