Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкімі

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобын құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкімі

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған бағдарламасын әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобын құру
туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
2004 жылғы 5 мамырдағы № 131-ө өкімі

Мүдделі мемлекеттік органдардың ұстанымдарын неғұрлым толық есепке алу мақсатында және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 ақпандағы № 231 қаулысымен бекітiлген Қазақстан Республикасында салалық (секторалдық) және өңірлік бағдарламаларды әзiрлеу мен iске асыру ережесiнiң 27-тармағына сәйкес:

1. Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесiн дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын (бұдан әрi - Бағдарлама) әзiрлеу үшiн жауапты мемлекеттік орган болып Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігi (бұдан әрі - Агенттік) белгіленсін.

2. Бағдарламаны әзiрлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі жұмыс тобы) мынадай құрамда құрылсын:

     Оразалинов            - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
     Дулат Сұлтанұлы         байланыс жөніндегi агенттiгi төрағасының
                             орынбасары, жетекші
 
     Сейтiмбеков           - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
     Ардақ Асқарұлы          байланыс жөніндегі агенттiгiнiң Байланыс
                             саласындағы мемлекеттік саясат және
                             қаржылық реттеу департаментiнiң директоры,
                             жетекшiнiң орынбасары
 
     Исабеков              - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
     Нұрлан Даниятұлы        байланыс жөніндегі агенттігiнiң Байланыс
                             саласындағы мемлекеттік қадағалау және
                             лицензиялау департаментiнiң директоры,
                             хатшы
 
     Досмағамбет           - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
     Ерғали Мұқанұлы         реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                             агенттiгi Телекоммуникациялар және
                             аэронавигация саласындағы реттеу және
                             бақылау жөніндегі департаментінің директоры
                             (келiсім бойынша)
 
     Ермекқалиева          - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
     Лариса Серiкқызы        реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі
                             агенттiгi Бәсекелестiктi дамытуды қорғау
                             және үйлестiру департаментiнiң
                             жылу-энергетикалық кешеніндегі, қаржы
                             рыногындағы және экономиканың өзге де
                             салаларындағы бәсекелестiктi қорғау
                             жөніндегі басқармасының қаржы рыногындағы
                             және экономиканың өзге де салаларындағы
                             бәсекелестiктi дамыту бөлiмiнiң бастығы
                             (келісім бойынша)
 
     Қайсенова             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
     Гүлжихан                әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Әлеуметтiк
     Қабдылқайырқызы         қамсыздандыру және еңбекақысын төлеу
                             департаментi директорының орынбасары
 
     Құрманов              - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
     Алмас                   әлеуметтiк қорғау министрлігінiң "Зейнетақы
     Мұхаметкәрiмұлы         төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық"
                             республикалық мемлекеттік кәсiпорнының бас
                             директоры
 
     Ыбырайымов            - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
     Қалымжан                Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру
     Уәлиханұлы              комитетi Мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік
                             емес заңды тұлғалармен жұмыс жөніндегі
                             басқармасының бастығы
 
     Шәрiпов               - Қазақстан Республикасы Экономика және
     Талғат                  бюджеттік жоспарлау министрлігінiң Салалық
     Қайыркенұлы             органдардың шығыстарын жоспарлау
                             департаментi өнеркәсiп, құрылыс және көлiк
                             басқармасының бастығы
     Қарақұлова            - Қазақстан Республикасы Қаржы рыногын және
     Диляра Шапайқызы        қаржылық ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                             жөніндегі агенттігiнiң Сақтандыру рыногы
                             субъектiлерiн және басқа да қаржылық
                             ұйымдарды қадағалау департаментi
                             директорының орынбасары (келісім бойынша)
 
     Молдағалиев           - "Қазпочта" акционерлік қоғамы басқармасы
     Дәурен                  төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
     Тұманбайұлы
 
     Вагнер                - "Қазпочта" акционерлік қоғамының атқарушы
     Андрей Викторович       директоры (келісім бойынша).
 

3. Жұмыс тобы 2004 жылғы 11 мамырға дейiнгi мерзiмде Бағдарламаның жобасын әзiрлесiн.

4. Агенттік заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) 2004 жылғы 17 мамырға дейiнгi мерзiмде Бағдарламаның жобасын 2005 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезiнде республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына ұсынсын;

2) Бағдарламаның жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекiтуге енгiзсiн.

Премьер-Министр

 

 

 

 

Д.К. Ахметов






































 

Добавить в список основных источников в Google

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!