Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 2 шілдедегі № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 913 қаулысы
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегi № 713 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 913 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 2 шiлдедегі № 713 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 21, 222-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
4-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасында:
"Микропроцессорлық карточкалар негізiнде Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
реттiк нөмiрi 7-жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.