"2004/2005 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 мамырдағы № 408 бұйрығына өзгерістер
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004
жылғы 13 қыркүйектегі № 738 бұйрығы
Жоғары кәсіптік білімнің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранттары мен мемлекеттік білім кредиттеріне сұраныстың болмауына байланысты және мемлекеттік білім гранттарын тағайындау және мемлекеттік білім кредиттерін беру жөніндегі конкурстық комиссияның 2004 жылғы 6 тамыздағы № 1 шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2004/2005 оқу жылына кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 12 мамырдағы № 408 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде № 2863 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "2004/2005 оқу жылына ел ішінде күндізгі оқу түрі бойынша кәсіптік жоғары білімді мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы" қосымшасында:
"1. Білім" деген бөлімде:
050101-жол мынадай редакцияда жазылсын:
───────────────────────────────────────────────────────────────────
050101 Мектепке дейiн оқыту
және тәрбиелеу 70 61 45 16 9 3 6
───────────────────────────────────────────────────────────────────
кестенің жалғасы