Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Заң шығару институты"

мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 ақпан N 314

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1120 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Заң жобалау қызметiн институционалдық нығайтуды жүзеге асырудың тиiмдiлiгін арттыру және жалпы ұлттық даму стратегиясын iске асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында заң жобасы және сараптамалық жұмысты ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң Заң шығару институты" мемлекеттiк мекемесi жарғылық капиталда мемлекеттiң 100-проценттік қатысуымен "Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Заң шығару институты) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Заң шығару институтының негізгі мiндеттерi Қазақстан Республикасы заңдарын дамытудың ғылыми тұжырымдамасын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының Yкiметi мен орталық атқарушы органдарының қызметiн құқықтық қамтамасыз ету саласында зерттеу жүргізу болып белгіленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру жөнiндегі комитеті заңдарда белгіленген тәртiппен:

1) Заң шығару институтының жарғысын бекiтсiн және оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн;

2) Заң шығару институты акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне берсiн;

 3) осы қаулыны iске асыру жөнiндегі өзге де шараларды қабылдасын.

4. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат) мынадай өзгерiс енгізiлсiн:

 аталған қаулыға 3-қосымшада:

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң шығару институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының Заң шығару институты" жабық акционерлік қоғамы".

 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 Қазақстан Республикасының
 Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!