Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Органикалық

синтез және көмір химиясы институты" республикалық мемлекеттік

қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан

Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 7 сәуір N

470

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1111 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

"2000-2001 жылдары жекешелендiруге жататын республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912 қаулысын орындау үшiн және "Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындарын және ғылыми-техникалық саланың ұйымдарын акционерлiк қоғамдар етiп қайта ұйымдастырудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны оның жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыздық қатысуымен "Қазақстан Республикасының органикалық синтез және көмiр химиясы институты" жабық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - Қоғам) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Қоғам жарғысын бекiту кезiнде қызметiнiң негiзгi мәнi:

органикалық синтез және көмiр химиясы саласында iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу;

жаңа материалдар мен органикалық синтез және көмiр химиясы әдiстерiн әзiрлеу;

шикiзат ресурстарын қайта өңдеудiң экологиялық қолайлы өндiрiстерiнiң ғылыми негiздерiн жасау;

консультациялық қызмет көрсету деп айқындалсын;

2) Қоғамды мемлекеттiк тiркеуден кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 пайызынан кем емес сомаға акциялардың кейiнгi эмиссияларын шығару жолымен оның жарғылық капиталын ұлғайту шараларын қабылдасын. Акциялардың кейiнгi эмиссиясын орналастыруды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1191 қаулысымен бекiтiлген Республикалық меншiктегi жоғары оқу орындары мен ғылыми-техникалық саладағы ұйымдарды акционерлiк қоғамдарға қайта ұйымдастыру ережелерiне сәйкес жүргiзсiн;

3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн акциялардың мемлекеттiк пакетiнің бiр бөлiгiн жарғылық капиталдың 45 пайызы мөлшерiнде сатуды жүзеге асырсын;

4) Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне берсiн;

5) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2001 жылғы 7 сәуiрдегi

N 470 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар тiзбесiндегi:

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 470-82-жол алынып тасталсын.

2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж. N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiндегi:

"Қарағанды облысы" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 214-6-жолмен толықтырылсын:

"214-6. "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" ЖАҚ".

3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттiк үлестерінің тiзбесiндегi:

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгі" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-4-жолмен толықтырылсын:

"222-4. "Органикалық синтез және көмiр химиясы институты" ЖАҚ".

4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiндегi:

"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" бөлiмiндегi реттiк нөмiрi 52-жол алынып тасталсын.



Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!