Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 394 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасреда, 27 апреля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 8 августа 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 сәуірдегі № 394 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 591 Қаулысымен күші жойылды

 

«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшін ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 888 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 286-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереженi бекіту туралы»;

1-тармақта:

«Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және» деген сөздер алынып тасталсын;

«Қоса берiлiп отырған» деген сөздерден кейiн «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітiлген Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ережеде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақы алудың мөлшерi мен тәртібі туралы ереже»;

1-тармақта:

«жылжымалы мүлiк кепілiн тiркеу және» деген сөздер алынып тасталсын;

"(бұдан әрі - тiркеушi орган)»деген сөздерден кейiн «жылжымалы мүлік кепiлi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Ақпараттық қызметтер көрсеткені, соның iшiнде жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiктi бергенi, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзілiмiнен үзiндi көшiрме бергенi, сондай-ақ өтiнiш берушінің кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақыны көрсетiлген іс-әрекет мүддесi үшiн жасалатын заңды және жеке тұлғалар енгiзеді.»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жылжымалы мүлiк кепілi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн ақының мөлшерi»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Жеке және заңды тұлғалардан ақпараттық қызметтер ұсыну үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшін алынатын ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған айлық есептiк көрсеткiштi ескере отырып жарты айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде есептеледі.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Осы Ереженiң 3-тармағында айқындалған жағдайларды қоспағанда, ақы алмастан ақпараттық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.»;

5-тараудың атауында «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн» деген сөздер «Жылжымалы мүлiк кепiлi бойынша ақпараттық қызметтер көрсету үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;

5-тармақта «Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн ақы 50 проценті мөлшерiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне, 50 процентi тiркеушi органның есеп шотына аударылады;»деген сөздер алынып тасталсын;

5-1-тармақ алынып тасталсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тiркеушi органға түбіртек немесе ақпараттық қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнен жiберiлген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткені үшiн ақы енгізілгені туралы төлем құжатының көшiрмесi ұсынылады.»;

7-тармақ алынып тасталсын.

2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами