Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 688 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 5 июля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 5 июля 2005

“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289
қаулысына толықтыру енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 688 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 776 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумының 3-тармағына сәйкес құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 159-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының кредит саясаты туралы меморандумда:

4-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

"шикізатты өндіру мен өңдеу орнына дейін тасымалдауды қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінің шикізатынан жасалған құрылыс материалдарын өндіру (уату, ұсату, айыру, байыту және басқалары), - 13-бөлімнен, 14.13-сыныптан, 14.3, 14.4-топтардан 14.50.5, 14.50.6-кіші сыныптардан басқа, СВ кіші секциясы;".

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі С.М. Мыңбаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами