Введите номер документа
Прайс-лист

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің «Оңтүстік» салық комитеті» мемлекеттік мекемесін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 990 Қаулысы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 3 октября 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 3 октября 2005
Дата последнего измененияпонедельник, 3 октября 2005

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында
 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің
«Оңтүстік» салық комитеті» мемлекеттік мекемесін құру туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 3 қазандағы № 990 Қаулысы

 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 15-бабына сәйкес, сондай-ақ қызметін "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салық әкімшілігін жүргізуді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу кезеңіне "Оңтүстік" арнайы экономикалық аймағының аумағында "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) құрылсын.

2. Комитетті қаржыландыру тиісті жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) "Штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің аумақтық органдары қызметкерлерінің штат саны лимиттерінің шегінде Комитеттің штат санын белгілеу;

2) Комитет туралы ережені бекіту және оның әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

4. "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 9 қазандағы № 1102 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 33, 359-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 219-жолмен толықтырылсын:

"219. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің "Оңтүстік" салық комитеті".

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами