Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 597 Қаулысы (2017.28.08. берілген өзгерістермен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 20 июня 2008
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 28 августа 2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 маусымдағы № 597 Қаулысы

(2017.28.08. берілген өзгерістермен)

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12 наурыздағы № 346 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 10, 115-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық проблемаларымен айналысатын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру ережесінде 1-тармақтың 6) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 22 мамырдағы № 555 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 14, 152-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының несие ресурстарын толықтыру мен пайдаланудың ережесінде 15-тармақтың 1) тармақшасындағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) ҚР Үкіметінің 2017.28.08. № 512 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

4) ҚР Үкіметінің 2016.19.07. № 415 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

5) «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 138 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 7, 61-құжат):

кіріспедегі және 1, 2-тармақтардағы «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия туралы үлгі ережеде:

тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «отбасы істері және гендерлік» деген сөздер «әйелдер істері және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақта:

3) тармақшада:

«гендерлік жағдайды» деген сөздер «әйелдердің жағдайы мен отбасылық-демографиялық ахуалды» деген сөздермен ауыстырылсын;

«гендерлік» деген сөзден кейін «және отбасылық-демографиялық» деген сөздермен толықтырылсын;

5) тармақшада:

үшінші абзацтағы «гендерлік теңдік», төртінші және бесінші абзацтардағы «гендерлік теңдікке» деген сөздер «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігінің», «әйелдер мен ерлер мүмкіндіктері теңдігіне» деген сөздермен ауыстырылсын;

алтыншы абзацтағы «жүргізуге» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

«демографиялық жағдайды жақсартуға;»;

6) тармақшада:

«ерлердің, әйелдер мен балалардың» деген сөздер «халықтың» деген сөзбен ауыстырылсын;

7) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігінің, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) тармақшада «гендерлік теңдіктің» деген сөздер «жыныстар теңдігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақта:

3) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) тармақшада «отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін» деген сөздер «жыныстар теңдігі, отбасы және демография мәселелерін»;

6) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 10 сәуірдегі № 261 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің адамдарды сатуға байланысты қылмысқа қарсы күрес, оны болдырмау және оның алдын алу жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 1, 6 және 16-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) «Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 маусымдағы № 600 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 23, 241-құжат):

2-тармақтағы «Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздер «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын;

4-тармақ алынып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006 - 2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірі 1, 2, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 12, 15, 16, 17, 20, 21, 35, 37, 38, 40, 41 және 43-жолдардағы «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 453 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

9) «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қыркүйектегі № 953 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірлері 1, 8, 12, 17, 25, 29, 34, 36, 45, 46-жолдардың 4-бағанда «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертудегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы отбасы мәселелері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) «Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 12, 140-құжат):

Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

реттік нөмірлері 13, 145, 146, 147-жолдардың 3-бағанында «ОІГСҰК» деген аббревиатура «ӘІОДСҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;

ескертпедегі «ОІГСҰК - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «ӘІОДСҰК - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысында:

көрсетілген қаулыға Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамындағы:

«Моисеева Нелли Яковлевна - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының бас сарапшысы» деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

«Моисеева Нелля Яковлевна - Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы»;

12) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат):

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында:

4-бөлімдегі «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами