Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 638 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датасуббота, 28 июня 2008
Статус
Утратил силу
утратил силу с 3 июня 2010

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 маусымдағы № 638 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 454 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1105 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 38, 515-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі туралы ережеде:

14-тармақта:

6) тармақшада «электр энергетикасы объектілерін жобалау, салу, техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы» деген сөздер «жобалау, салу» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 51) тармақшамен толықтырылсын:

«51) өз құзыреті шегінде мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді.»;

15-тармақ мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) техникалық пайдалану және электр энергетикасы объектілерінің қауіпсіздік техникасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды әзірлеу және бекіту;»;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

«Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 3-жолмен толықтырылсын:

«3. «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының әкімшілігі» мемлекеттік мекемесі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами