Все сервисы
Tender
«Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының 2026 жылғы 20 ақпандағы № 2-НҚ нормативтік қаулысы
Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі - Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарттарын бекіту туралы» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 5-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13647 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік аудит нәтижелерін тану бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Рәсімдік стандарт) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, 19-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудит нәтижелерін танудың рәсімдік талаптарын қамтиды.
Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Заңның 19-бабының 2 - 5-тармақтарына сәйкес басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес заңсыз деп танымаса, таниды.
Ішкі аудит қызметтерінің тиімділікке жүргізген аудит нәтижелері танылмайды, ішкі аудит қызметтерінің тиімділік аудитін жүргізу кезінде анық дәлелдемелерді алғаны және объективті әрі кәсіби (құзыретті) тәсілді қамтамасыз еткені расталған жағдайда ғана сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қажет болған кезде пайдаланады.
Демо – версия документа