Введите номер документа
Прайс-лист

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 6 февраля 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 13 апреля 2026
Дата последнего измененияпятница, 6 февраля 2026

«Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 6 ақпандағы № 47 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Орындаушы ұйымдардың тізбесін орындаушы ұйымдардың жыл сайын ағымдағы жылдың 1 ақпанына дейін мынадай құжаттарды қоса бере отырып Ведомствоға ұсынатын өтініш-хаттарының негізінде Ведомство қалыптастырады:

1) «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 25 шілдедегі № 335 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33182 болып тіркелген) сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредитациясын растайтын құжаттың көшірмесі және (немесе) «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сынақ зертханасын аккредиттеу аттестаты;

2) мамандардың біліктілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, штат кестесі;

3) пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарын және (немесе) токсикологиялық бағалауды жүргізу кезінде пайдаланылатын жабдық, аспаптар, техника туралы мәліметтердің көшірмелері;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами