Все сервисы
Tender
«Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі № 186-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 176-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36007 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламалар паспорттарын іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларында:
2) және 3) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
«2) ашық бюджеттер интернет-порталының автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі - АЖО) - «цифрлық үкіметтің» операторы ұсынатын, ашық бюджеттер интернет-порталында орналастырылатын баптаулар және контентті басқаруға арналған қосымша;
3) ашық бюджеттердің интернет-порталы (бұдан әрі - Портал) - бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес жариялануға жататын өзге де материалдарды, ақпарат пен құжаттарды орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ашық үкіметтің құрауышы;»;
6) және 7) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
Документ не введен в действие
Демо – версия документа